«Енді тек бейбіт заман болсын...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Енді тек бейбіт заман болсын...»

«Енді тек бейбіт заман болсын...»

Бейне қолжетімді емес

 
Алматы облысы Панфилов ауданы Лесновка ауылының тұрғыны Бекмұхаммет Наурызбайұлы 97 жасқа келсе де, жүрісі ширақ.
 
19 жасында әскери борышын өтеуге Ресейдің Горкий қаласына аттанған ақсақал зеңбірекшілер отрядына қабылданады. Елге оралған соң, жыл өтпестен соғыс басталып, қайтадан майданға аттанған.
 
Қиыр Шығыста әскери жаттығудан өтіп, алдымен, Тула, Калуга қалалары маңындағы ұрыстарға қатысқан. Кейін I, IV Украина майданында болып, ауыр жарақат алады. Елге 1944 жылы оралған ол еңбекке белді бекем буып, араласып кетеді.
 
«Ауылға келсек, соғыс салған жоқшылық. Қолдан келген жұмысты талғамай істеп, мал да бақтық»,-дейді ардагер.
 
Жары Гүлсімхан апа да соғыс жылдарындағы қиындықты бастан кешкен ананың бірі. Жеңіс үшін тылда аянбай еңбек еткен әже енді тек бейбіт заман болсын, деп тілейді.
 
Ардагерлердің естеліктері туралы толығырақ «Таңшолпанның» сюжетінен көре аласыздар.
Автор
Редакция
Бөлісу