Алматыда «Майданнан хат» атты акция өтеді
Бейне қолжетімді емес
Алматыда 9 мамыр күні сағат 09.00-де 28 панфиловшылар саябағында Жеңістің 69 жылдығына орай «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
Шараға қала әкімі Ахметжан Есімов, қаладағы құрылымдық бөлімдердің басшылары, соғыс ардагерлері кеңесінің мүшелері, Қазақстан Қарулы күштерінің қызметкерлері қатысады
Жеңіс күніне арналған шара аясында шаһардың барлық аудандарында «Майданнан хат» және «Тағзым тақтасы» акциялары ұйымдастырылады.
«Майданнан хат» акциясы бойынша шараға қатысушылар соғыс кезеңіндегі тарихи құжаттармен танысады. Кез келген ниет білдіруші камера алдында көпшілікке таңдаған хатын оқып бере алады. Осындай әдіспен жиналған материалдар соғыс туралы фильмге кірістірілмек.
Сонымен қатар, акцияға қатысушылар майдан даласында от кешкен батырлардың портретін салады. Кескін қағазға түсірілгеннен кейін қатысушы туындысын «Тағзым тақтасына» іледі.
«Тағзым тақтасы» қаланың барлық аудандарында орналастырылмақ.
Мерекелік шара 20.00-де «Астана» алаңындағы мерекелік концертпен жалғасады. Концерт Тұңыш Президент саябағындағы отшашумен аяқталады.
Айта кетейік, Жеңіс күні Қазақстанда ресми мереке ретінде тойланады. Бұл күнді ТМД елдерінің барлығы атап өтеді.
1941-1945 жылдар аралығындағы соғысқа 35 миллион адам, соның ішінде 1,5 миллион қазақстандық қатысты. Олардың 600 мыңнан астамы майдан даласынан оралған жоқ. Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерлігі үшін марапатталса, 500-ден астамы Кеңес одағының батыры атағын иеленді.
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner