«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран» жас патриоттар айлығы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран» жас патриоттар айлығы аяқталды

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран» жас патриоттар айлығы аяқталды

Бейне қолжетімді емес

Қарағандылық гуманитарлық колледж студенттері арасында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран» атты жас патриоттар айлығы өз мәресіне жетті. Оған қатысушылар 30 күн ішінде бірқатар сынақтардан өтті.
 
Алдымен, студенттер сапта жүруден және патриоттық әндерді шырқаудан жарысып, үздік топ анықталды. Дәл осы сында 5451 ішкі әскери бөлімнің сарбаздары да өздерінің жауынгерлік даярлығын көрсетті.
 
Ал, Жикар атты иттің ақылды іс-қимылы барша жиналғанды тәнті етті. Осыдан соң студенттер автоматты бөлшектеу және жинау, автомат оқшантайын толтыру, химиялық және улы заттардан қорғану әрекеті орындаудан сайысқа түсті.
 
Игілік Бозбаев, Қарағанды гуманитарлық колледжі алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі:
Бұл шараны өткізу себебіміз - жастарды әскери патриоттық тәрбиеге және Отанды қорғауға тәрбиелеу. Ардагерлерімізді құрмет тұту.
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Автор
Редакция
Бөлісу