Жеңіс күні Петропавлда кең ауқымда тойланды
Бейне қолжетімді емес
Жеңіс күні Петропавлда да кең ауқымда тойланды. Облыс әкімі Самат Ескендіров бастаған қала тұрғындары Мәңгілік алауға 10 мың тал қалампыр гүлін қойып, қанды қырғында қаза тапқан майдангерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Қазір теріскейде 334 ардагер болса, бүгінге мерекеге тек 20-ға жуығы ғана келе алды. «Жыл сайын қатарлары сиреп бара жатқан қарт майдангерлерді құрметтеу - өскелең ұрпақтың парызы. Бүгінгі бейбіт күні сол кісілердің жанкештілігінің арқасы». Бұл жастардың пікірі.
Сұрапыл соғыста етігімен қан кешкен жауынгер халықтың ұрпағы үшін ерлік пен елдіктің маңызы ерекше. Сондықтан, жыл сайын арадгерлерге үлкен қолдау көрсетіледі, әрі Жеңіс күні жалпыхалықтық мереке сипатына ие. Сондықтан, бүгінгі игі тілектердің барлығы арадагерлерге арналды.
Қасым Жүнісов, соғыс ардагері:
Айналайын қарақтарым, мына айналаға қараңдар, мынау ғимараттар, мынау халық осының бәрі сендердің ата-бабаларыңның, аналарыңның еңбегі. Бірі өліп, бірі жараланып осының бәрін сақтап қалды.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner