Алматылықтар Отан үшін мерт болған жауынгерлерді еске алды
Бейне қолжетімді емес
Айгүл Ермахан, тілші:
Қазір біз тұрған 28 панфиловшылар саябағына келіп жатқан қала тұрғындарының нөпірі әлі де толастар емес. Жиналған көпшілік Отан үшін опат болған майдандас, қарулас достарын бір минут үнсіздікпен еске алып, Жеңіс үшін жағылған мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюда. Сол сұрапыл шайқасқа Алматыдан 76 600 жауынгер аттанған. Оның елге аман-есен оралғаны - 44 000. Ал, бүгінде қалада ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлердің саны - 1300. Мерекелік шеруге жиналған ардагерлер бүгін бір-бірімен қауышып, қиын-қыстау кезеңдерін еске алып, қазіргі бейбіт заманға тәубе десті. Әсіресе, жиналған жастар мен оқушыларға соғыс жылдары көргендерін әңгімелеп берген ардагерлер «Соғыс ешқашан қайталанбасын», деп тілесті. Жастарға ақ баталарын берді.
Орынғали Есенғазиев, оғыс ардагері:
Бұл бабалар аңсаған тәуелсіздік. Сендер Отандарыңды, жерлеріңді қорғаңдар.
Айгүл Ермахан, тілші:
Елі үшін көкірегін отқа тосқан ардагерлерге құрмет ерекше. Ардагерлер сонау соғыс жылдарындағы мәзірмен арнайы дайындалған асханадан дәм татып, эстрада жұлдыздары дайындаған мерекелік концертті тамашалауда. Ал, кешкі 22.00-де мерекелік отшашу болады.
Айгүл ЕРМАХАН
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner