Жеңісті жақындатуда тыл еңбеккерлерінің де үлесі мол - Ахметжан Есімов
Бейне қолжетімді емес
«69 жыл толған жеңіске миллиондаған адамдардың ерен еңбегінің арқасында жеттік. Отан үшін кеудесін оққа тосқан ардагерлеріміз бүгінгі бейбіт күнді ұрпағына тарту етті».
Бүгін 28 панфиловшылар саябағында сөз алған алматылық жұрт осылай деді. Жиналған жасы да, жасамысы да батырларға құрмет көрсетті.
Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:
Майдан даласына өз еркімен аттанған еліміздің қайсар ұлдары мен қаһарман қыздары арқасында біз бүгін еркіндік пен бейбітшілікте өмір сүріп келеміз. Ауыр соғыс жылдарын басынан өткерген тыл еңбеккерлерінің де жеңісті жақындатуда үлесі мол.
Құрмантай Иманғалиұлы - күңірентіп өткен соғыстың көзі тірі куәгері. Ол 22 жасында соғысқа аттанып, Ленинград майданында Отан үшін шайқасты. Қарт майдангер жылдағы мейрамды асыға күтеді. 93-тің төріне шыққан қарияның Қарулы күштер десантшыларына айтар тілегі бар.
Құрмантай Бақбергенов, соғыс ардагері:
Қапшағайдағы, Талдықорғандағы, Тараз, Астанадағы әуе десанты бөлімдеріне барып жүрмін. Сонда сендер біз сияқты жауынгерлік міндеттеріңді атқарыңдар, егер Отанға қауіп төнетін болса, дайын тұрыңдар деп айтамын.
Бекен Айдос, «Арыстан» мамандандырылған әскери лицейінің 10-сынып оқушысы:
Біздің ардагерлерге деген құрметіміз ерекше. Себебі, біз олардың ізбасарларымыз. Бізде солар сияқты өзіміздің Отанымызды қорғайтын патриоттар боламыз.
Жалпы, неміс басқыншыларына қарсы шайқасқа Алматыдан 76 600 жауынгер аттанған. Оның 44 мыңы елге оралды. Соның 1300-і ортамызда жүр. Туған жерім, халқым, Отаным, деп күрескен
қаһармандарымыздың ерлігі мәңгі ел есінде. Бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге.
Айгүл ЕРМАХАН
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner