Мәскеудегі әскери шеруге қазақстандықтар да қатысты
Бейне қолжетімді емес
Нұртас Солтанұлы, тілші:
Қызыл алаңдағы әскери шеру биыл 69-шы мәрте өтіп отыр. Биылғы шараның былтырғыдан өзгешелігі, бұл жолы тек ресейлік қана емес, ТМД-ның өзге де елдерінен келген ардагерлер қатысты. Олардың арасында қазақстандық қариялар да бар.
Жанша Жанасұлы - соғыс ардагері. Ол 18 жасында майданға аттанып, Берлинге дейін барып қайтқан. Қызыл алаңдағы шеруді көру үшін қарт сарбаз Алматыдан арнайы келді. 90-ды алқымдаған ақсақал Мәскеудегі парадқа тұңғыш рет қатысты.
Жанша Жанасов, соғыс ардагері:
Соғыста адам батырлық көрсету үшін соғыспайды. Басыңа күн туған соң, елге келген жауды тоқтату үшін соғысасың. Енді соғыс болмасын. Жастар еңбек етіп, техника саласында мамандық алсын. Өйткені, қазіргі уақыт индустрияның, өндірістің заманы.
Қазақстаннан барлығы 4 адам келді. Көппен бірге олар да әскери шеруді тамашалап, сұрапыл жылдарды еске алысты. Ардагерлер осы күнге аман-есен жетіп, елдің құрметіне бөленіп отырғандарына дән риза.
Сләмхан Жапарханов, «Соғыс және тыл ардагерлері» қоғамдық қорының президенті:
Қазақстанның бұл соғыстағы орны ерекше. Сондықтан, мұндай жиындарға қатысу - өте құрметті нәрсе. Біз өте қуаныштымыз.
Қызыл алаңнан 11 мыңға тарта жаяу әскер сап түзеп өтті. Содан соң Ресей армиясының айбыны саналатын соғыс техникасының түр-түрі көрсетілді.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner