Астана төрінде әскери әндер шырқалуда
Бейне қолжетімді емес
Астананың аспанында бүгін кешкі 19.00-ден әскери әндер қалықтауда.
Әсем Изатқызы, тілші:
Жеңіс күнін мерекелеу таңсәріде басталған еді. Кеш батса да, мейрам қыза түскендей. Батырларымыздың айбынына айбын, сесіне сес, сұсына сұс қосқан тарихи әндер үш сағаттан бері шырқалып жатыр. Олар әлдеқашан адамзаттың жүрегінің төрінен орын алған әндер. Жеңіске жетелеген рухты әндер еді. Сол өнегелі өлеңдерді өскелең ұрпақ, Тәуелсіз еліміздің құрдастары, аға буын өкілдері шырқады.
Бұл - ән от пен оқтың ортасында жүрген талай жауынгерге рух беріп, жеңіске жетелеген ән. Бәріміз білетін «Катюша».
Ерлан Сәбитов, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:
Халық әні «Ахау-керім», «Дедімай-ау» және Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Туған жер» әнін орындадық. Бүгінгі жастар жеңістің қалай жеткенін, бейбіт заманның қалай туғанын ән арқылы білулері керек. Мереке құтты болсын.
Әсем Изатқызы, тілші:
Бұл күн - Отан үшін қасықтай қаны қалғанша жаумен арпалысқан боздақтарымыздың ұрпағына тарту еткен теңдессіз сыйы. Сондықтан, 9-мамыр - біз үшін ерекше мереке. Батыр бабаларымыздың ерлігі ешқашан жадымыздан өшпейді. Ал, бүгінгі әскери ән кеші түнгі 23.00-ге дейін жалғасады.
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner