Алматыда Жеңіс мерекесіне арналған отшашу басталды
Бейне қолжетімді емес
Дәурен Дариябек, тілші:
Дәл қазір Алматы қаласындағы «Астана» алаңында, одан кейін Тұңғыш Президент саябағында отшашу басталды. Жеңіс мерекесінің құрметіне отшашу тоқтаусыз атылуда. Отшашуды көреміз деп келген халықтың қарасы көп. Алматы аспанына түрлі өрнек салған отты шашу кім-кімді де ерекше күйге бөлейді. Бұл - түйір оқ тағдырын талқан еткен, қыршын кеткен боздақтар мен елі үшін көкірегін оққа тосқан ардагерлерге көрсетілген құрметтің белгісі іспетті.
Ұшқын шашып құбылған оттар түнгі Алматыны түрлендіре түсуде. Шаһар аспанын нұрға бөлеген, жарқырап көктен жауған жалын көз қарықтырады. Жалпы, соғыс заңында салютті тек жеңген тарап қана атады. Елімізде зеңбіректер тек осындай мерекелік отшашуға атылсын! Бейбіт күндегі жеңістер молайып, заманымыз тыныш болсын!
Дәурен ДАРИЯБЕК
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner