Күміс жүлдегер Нұрбек Оралбайды астаналықтар күтіп алды
Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынына 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль түсті. Ел намысын қорғаған спортшыларымыздың соңы бүгін таңда елге оралды. Күміс жүлдегер Нұрбек Оралбайды астаналықтар ыстық ықыласпен қарсы алды.
Динара Жарқынбек, тілші:
Бүгін Париж Олимпиадасында бокстан топ жарып, көк туымызды желбіреткен спортшы Нұрбек Оралбай елге оралды. Күміс жүлде иесін Астана әуежайында қалың қазақ қарсы алды. Қала әкімдігі арнайы сахна орнатып, марапаттау рәсімін өткізді. Жиналғандар спортшыны жеңісімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Нұрбек Оралбай ерекше қошеметпен қарсы алған жандарға алғыс айтты.
Еске салайық, Париж Олимпиадасында ерлер арасында 80 келі салмақта жұдырықтасқан ол финалда украиналық Александр Хижнякқа есе жіберді.
Динара Жарқынбек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қара теңізге мазут төгіліп, 6 мың құс қырылды
10.02.2025, 17:38

Бүгін Мәжілісте бірқатар заңдар талқыланады
22.01.2025, 10:23
Қостанай облысында бірнеше бағытта жолдар жабылды
22.01.2025, 10:21
Ақмола облысында жолдар ашылып, кептелістегі көліктер азая бастады
22.01.2025, 10:07
Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
22.01.2025, 10:03
Елде қалдықтарды сұрыптау, өңдеу саласында 94 жобаны іске асырмақ
21.01.2025, 20:51
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісі фракцияларының жетекшілерімен кездесті
21.01.2025, 20:45
Өңірлік IT-хабтарды қолдауға басымдық беріледі
21.01.2025, 20:21
Banner