Премьер-министр Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасына ту табыстады
Олжас Бектенов XVII жазғы Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасына мемлекеттік туды табыстады. Байрақты бәсекеде көк байрағымызды Азия Паралимпиада ойындарының жүлдегері, отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан чемпионатының 10 дүркін жеңімпазы Берік Ізмағанбетов және пара оқ атудан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Севда Алиева көтеріп шығады. Спортшыларға мемлекеттің басты рәміздерінің бірін табыстаған Үкімет басшысы Ұлттық паралимпиада құрамасына сәттілік тіледі. Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек арасында Франция астанасы Парижде өтеді. Паралимпиада ойындарында 44 қазақстандық спорттың 9 түрінен ел намысын қорғайды.
Серік Жұмабек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейдің жоғарғы оқу орындары Болон жүйесінен бас тартты
28.02.2025, 20:02

Түркістандық шаруалар көктемгі егіске кірісті
11.02.2025, 20:07
Үкімет мобильді аударымдарға қатысты депутаттардың ұсынысын қолдамады
10.02.2025, 20:23
Солтүстік Арал теңізіне 1 млрд текше метр су жіберілді
10.02.2025, 20:20
Ресейде мазут тиелген танкер апатқа ұшырады
10.02.2025, 20:19
Анталия маңындағы жағалауда пластик мөлшерден тыс көбейіп кеткен
10.02.2025, 20:17
Илон Маск пен Дональд Трамп Американың халықаралық ақпарат құралдарын қаржыландыруға қарсы
10.02.2025, 20:13
ҚҚС: Арнайы жұмыс тобы өңірлердегі кәсіпкерлермен кездеседі
10.02.2025, 20:12
Banner